{ КАСКАСУ САЙТЫНДАҒЫ }<ҚАЗАҚША РЕФЕРАТТАР ЖИНАҒЫ> тегін
Астрономия — аспан денелері туралы ғылым. Астрономия грекше астрон - жұлдыз, ал номос - заң деген ұғымды білдіреді.
Астрономия да, физика сияқты - табиғат туралы көне ғылымдардың бірі. Оның дамуына ертедегі адамдардың тұрмыс тіршілігіне байланысты қажеттілік себеп болды.
Ол кезде уақытты, бағыт-бағдарды дәл көрсететін құралдар мен жабдықтар болмаған. Сондықтан да адамдар Күн мен Айға, аспандағы жұлдыздарға қарап жыл мерзімі мен уақытты айыратын болған.
Ал мұндай жұмыс аспан денелерінің қозғалысын үнемі бақылап отыруды талап етті. Аспан денелерінің қозғалысын бақылау қажеттігінен туындаған ежелгі құрылыстардың орны Қазақстанда көптеп кездеседі.